Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Енді белгілі болды...": Нығматулин БЖЗҚ басшысын қатаң сынға алды

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттарға сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша заң жобасы ұсынылды.

"Енді белгілі болды...": Нығматулин БЖЗҚ басшысын қатаң сынға алды
фото: ашық дереккөз

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар бірнеше заң жобаcын талқылады. Отырыс барысында Сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша заң жобасы ұсынылған. Бірінші оқылымда заңнама қабылданды.  Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысын Нұрлан Нығматулин қатаң сынға алды деп хабарлайды Paryz.kz

Құжаттың алғашқы бөлімдерінде ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарға ортақ зейнетақы аннуитетін ашу жайлы сұрақ қарастырылған. Депутаттар БЖЗҚ басшысы Жанат Құрмановқа заңға қатысты сауалдарын қойды. 

Алайда спикер сұрақтарға толық жауап бере алмай, Нұрлан Нығматулиннен қатаң сөгіс естіді. 

Бірде-бір сұраққа жауап бермейсіздер. Осы сұрақтарға да. Біздің регламент бойынша бар болғаны екі қадам жасау керек. Неліктен жеткіліктік шегі жайлы халыққа үш апта жауап бере алмағандарың енді белгілі болды. Мұнда келер кезде дайындалу керек, түсінікті ме? - деді Мәжіліс төрағасы.