Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Хаменованың кінәсі дәлелденсе, облыс әкімі отставкаға кетуі мүмкін

Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

Хаменованың кінәсі дәлелденсе, облыс әкімі отставкаға кетуі мүмкін
фото: ашық дереккөз

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kzzakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңір басшысы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.

Оқи отырыңыз: Сот Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

Тағы оқи отырыңыз: "Жығылған кезде жұдырықтамайық": Бақытгүл Хаменованың сіңлісі пікір білдірді

Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген әкімдік өкілі. 

Еске салсақ, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.