Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Басына Қонаевтың бейнесін салдырып алған жігіттің ВИДЕОСЫ қызу талқыға түсті

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видео Instagram желісіндегі "Қазақпыз ғой" парақшасында жарияланған.

Басына Қонаевтың бейнесін салдырып алған жігіттің ВИДЕОСЫ қызу талқыға түсті
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде басына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесін салдырып алған азаматтың видеосы тарап жатыр. Мұны көрген кейбір желі қолданушылары құптап жатса, енді бірі сөгіп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видео Instagram желісіндегі "Қазақпыз ғой" парақшасында жарияланған.

Қазақстандық Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесін салдырып, шашын қиюға келді. Сіздерге қалай? - деп жазады автор.

Видеоны көрген желі қолданушылары мұны белгілі тұлғаны мазақ ету деп санаса, бірі шаш үлгісі көңілден шыққанын жазған.

"Қазіргі жастарға сөз жоқ", "Бұл қазақ халқының ұлы тұлғаларын мазақ ету, мұның артында кім тұрғанын анықтау қажет", "Мына қылықтары дұрыс емес", "Бұл тым шектен шыққандық", "Басқа адам таппады ма?", "Мүлдем ұқсамайды", "Өте керемет", "Керемет", "Қызық екен", "Негізі керемет, мен қолдаймын. Бірақ шаш өсіп кетсе қалай болар екен", - деп жазды желідегілер.