Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сот Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағаны, бұрын сотталмағаны, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғаны, асырауында қарт анасының болуы есепке алынған.  

Сот Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі сот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарағанын айтты.

Оқи отырыңыз: Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталуы: жаңа деректер пайда болды

Сот күдіктінің жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын есепке алып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келген, – делінген хабарламада.