Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Мұнайлы ауданында тұратын кәсіпкер кір сабын жасайды

Бүгінде Гүлзия кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын шығарып отыр.

Мұнайлы ауданында тұратын кәсіпкер кір сабын жасайды
Фото: blog.drsquatch.com

29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығұлова - Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысты, деп хабарлады paryz.kz.

Бастапқыда Гүлзияның ойы балаларға арналған атракцион ашу болатын. Оқу барысында маркетингтік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп, ойын күрт өзгертеді. Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе кір сабын жасау бизнесіне тоқтаған.

Қажетті құрал-жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын шығарып отыр. Кәсіп иесі шикізатты KFC, Бархан бургер, Каспий гриль тез тамақтану орталықтармен бірлесіп, келісім-шарт негізінде алып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізеді.

"Менің бір айдағы таза табысым 100 мыңға дейін жетеді. Ендігі жоспар, кір сабынды кетпіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алғым келеді. "Бастау Бизнес" жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады", - деді кәсіпкер Гүлзия Қойлығулова.