Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елордада жігіттер мен кәмелетке толмаған қыздар жезөкше болып жүр

Ұсталған адам саунаның әкімшісі бола тұра, клиентті 50 мың теңгеге алып келген...

Елордада жігіттер мен кәмелетке толмаған қыздар жезөкше болып жүр
фото: zakon.kz

Тексеріс барысында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ер адамдар мен кәмелетке толмаған қыздар интим қызмет көрсететін дене массажын анықтады, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бүгінде елорда полициясы СПИД орталығының қызметкерлерімен бірге жыныстық қызмет көрсететін адамдар мен мекемелерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Соңғы рейдте жеңгетайлық жасады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды.

"Олардың бірі клиентті жеңіл жүрісті қызға 8 мың теңгеге алып келген. Екінші ұсталған адам саунаның әкімшісі бола тұра, клиентті 50 мың теңгеге алып келді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, дене массажының атын жамылып, интим қызмет көрсетілетін пәтерлер мен коттедждер табылды. Ұсталғандардың арасында ер адамдар мен кәмелетке толмаған қыздар болған.

"Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, интим және дене массажы қызметтерін көрсеткен 69 қыз бен 10 ер адам, 11 жезөкшелер үйі мен курорттық салондар анықталды", - деп қорытындыланды рейд нәтижесі.