Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттен бір миллиард теңгені жасырып қалған

14 кассалық кәсіпті туыстары мен жақындарының атына тіркеген.

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттен бір миллиард теңгені жасырып қалған
фото: ашық дереккөз

Шымкентте мемлекетке бір миллиард теңге қарыз болып, салық төлеуден жалтарған азамат сотталды деп хабарлайды Paryz.kzotyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, Азамат Махатаев салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген. 2017-2020 жылдар аралығында іскер азамат 14 кассалық кәсіпті туыстары мен жақындарының атына тіркеген. Барлық фирманың кеңселері, қызметкерлері, өндірістік-техникалық базалары мен қоймалары болмағаны анықталды.

Экономикалық тергеу департаменті Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырды және 10 жылға кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан шектеді.