Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Келіннің басына жүген тағып, малша жетектеген ене көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)

Осы бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

Келіннің басына жүген тағып, малша жетектеген ене көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ғаламторда жаңа түскен келіннің басына жылқының жүгенін тағып, ары-бері жетектеген ененің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Түсініксіз рәсімнің еліміздің қай өңірінде жасалғаны белгісіз деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Көптің жағасын ұстатқан видео Facebook-те жарияланған. Онда жүгенделген келінді енесі бөлмені айнала жетектеп жүр. Бұл рәсімге тағы бірнеше әйел жиналған.

Осы бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз. Көрер көзге оғаш ырым туралы желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Қай сумидың шығарғаны, қарап отырған өзім ұялып кеттім", "Масқара! Қазір есті кемпірлер де қалмады ғой", "Енесі болашақта осылай жүресің деген шығар?", "Бұл не енді? Ойына келгенін істеді-ау. Салт-дәстүрді бұзып-ақ болды. Сөзім жоқ", - деп түрлі пікір жазған желі қолданушылары.