Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкенттік "Төлем" мен Трамптың сайлауалды логотиптері "егіз" екен

Ал даулы логотип 800-дей автобустың валидаторына жапсырылған.

Шымкенттік "Төлем" мен Трамптың сайлауалды логотиптері "егіз" екен
фото: видеодан скриншот

Шымкентте автобустардың электронды төлем жүйесі енгізілмей жатып басы дауға қалды. Себебі, "Төлем" деп аталатын жүйенің логотипі тура Дональд Трамптың сайлауалды логотипінен аумай қалған, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұрт мұны "ұқсастық емес, ашық плагиат" деп жатыр. Сондықтан оның дизайнын жасағандарға авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл төлету керек дегендер де табылды. Ал жауапты компания: "Логотипті өзіміз ойлап таптық" деп азарда-безер. Дегенмен, жұртқа ұнамаса, басқа белгімен ауыстыруға дайын екен.

Айта кетсек, шымкенттік "Төлем" жүйесі апта бұрын ғана іске қосылған. Ал даулы логотип 800-дей автобустың валидаторына жапсырылған.

"Негізі бұл белгінің бастапқы нысаны белгі беретін QR код болуы керек еді. QR код тағы да 4 Т әрпі. Сол төртеуін қосқанда ол осындай боп шықты. Әлеуметтік желілерден естіген әңгіме бойынша, бұл плагиат, әлгі Трамптікіне ұқсас екен. Оны да содан біліп, қарастырсақ, иә қатты ұқсайды. Оған біздің қатысымыз жоқ. Ешқандай қатысымыз жоқ", - деді QazSmartTrans компаниясының директоры Сержан Ақылбеков.