Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Сауалнама: Халықтың 35%-ның артық ақша жинауға мұршасы жоқ

Тұтынушылардың көңіл-күйі қарашада, тұтастай алғанда, төмендеді.

Сауалнама: Халықтың 35%-ның артық ақша жинауға мұршасы жоқ
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың қараша айындағы халықтың инфляциялық күту-болжамдары бойынша Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсініктеме берді. Оның айтуынша, банк мамандары халықтан сауалнама алған деп хабарлайды Paryz.kzUlysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылғы қарашада алдағы жылға инфляциялық күту-болжамдарын санмен бағалау деңгейі өсіп, 10,8%-ды (қазанда 10,3%) құрады. Респонденттердің ең үлкен үлесі алдағы 12 айда баға өсімінің жеделдеуін күтеді (35%, қазанда 33%). Бұл халықты зерттеу тарихындағы ең жоғары мән болды, - дейді ол.

Денис Чернявскийдің айтуынша, қарашадағы сауалнама нәтижесі екінші ай қатарынан инфляциялық күту-болжамдардың сапалық бағалауындағы тарихи шыңдарды жаңарту жалғасып жатқанын көрсеткен. Үй шаруашылықтарының көпшілігі алдағы 12 айда бағаның өсу қарқыны үдейтінін күтеді. Бүгінгі инфляцияны қабылдау, атап айтқанда, азық-түлік пен қуат көздерінің қымбаттауына байланысты жоғары деңгейде қалып отыр. Респонденттердің көпшілігі (74%) соңғы 12 айда бағаның қарқынды өскенін атап өткен.

Тұтынушылардың көңіл-күйі қарашада, тұтастай алғанда, төмендеді. Сонымен қатар болашақ табыстарға және жалпылай алғанда ел экономикасының дамуының қысқа және ұзақ мерзімді перспективаларына деген үміттердің нашарлауы жалғасын тапты. Шығындар тұрғысынан респонденттердің көпшілігі әлі де ірі көлемдегі сатып алуларға қатысты ұстамдылық танытады: респонденттердің тек 19%-ы үлкен шығындарға дайын. Респонденттердің көпшілігі (қарашада 35%, қазанда 32%) қазіргі уақытты – жинақтарды қалыптастыру үшін қолайсыз деп бағалады, - дейді ол.