Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"900 мың теңге": Өскеменде студенттер қатарласының атына бірнеше несие рәсімдеген

Қыздың сөзінше, олар несие рәсімдеу үшін телефонын пайдаланған. 

"900 мың теңге": Өскеменде студенттер қатарласының атына бірнеше несие рәсімдеген
фото: ашық дереккөз

Өскемендік студенттер қатарласының атына бірнеше несие рәсімдеген. Полицияның мәліметінше, жалпы келтірілген шығын көлемі 900 мың теңгеге тең деп хабарлайды Paryz.kzYK-news.kz басылымына сілтеме жасап. 

18 жастағы бірінші курс студенті полицияға шағымданып, шілде және тамыз аралығында белгісіз біреулердің өз атына несие рәсімдегенін айтқан. Қыздың сөзінше, олар несие рәсімдеу үшін телефонын пайдаланған. 

Аталған дерек бойынша жапа шеккен қыздың 18 жастағы қатарластары күдікке ілінде, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір Қылмыстық көдекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу жұмыстары басталды.