Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген бес шетелдік азамат ұсталды

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алуы бойынша 24 қазақстандық жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген бес шетелдік азамат ұсталды
фото: ашық дереккөз

"Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Қазақстанда болу ережелерін бұзған 675 шетелдікті анықтады деп хабарлайды Paryz.kz.

Іс-шаралар 6-12 желтоқсан аралығында өткізілді.

Екі күн ішінде елордалық гарнизон қызметкерлері шетелдік азаматтардың Қазақстанда болу ережелерін бұзуы бойынша 675 фактіні анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке 471 шетелдік тартылды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген бес қылмыскер ұсталды, - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Шақырту бойынша елімізге келген шетелдіктердің белгіленген ережелерді бұзуы бойынша 180 азамат, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алуы бойынша 24 қазақстандық жауапкершілікке тартылды.