Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Елпілдеп кеттім...": Бекболат Тілеухан Арон Атабек туралы айтты

Ол 15 жыл бұрын көмек сұраған Арон Атабектің сөзіне арбалып, істің байыбына бармай, артынша опық жеген көрінеді.

"Елпілдеп кеттім...": Бекболат Тілеухан Арон Атабек туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Депутат Бекболат Тілеухан марқұм Арон Атабек туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz, "Азаттық радиосы"-на сілтеме жасап. 

Ол 15 жыл бұрын көмек сұраған Арон Атабектің сөзіне арбалып, істің байыбына бармай, артынша опық жеген көрінеді.

Оқи отырыңыз: Арон Атабек Бекболат Тілеуханның көмекшісі болған

Басында түсіндірген кезде ол кісі керемет шешен болды. Елпілдеп кеттім. Шынымен қызу кірістім. "Шаңырақ"-тың мәселесін Парламент қабырғасында кәдімгідей қозғадым. "Бекболат, сен эмоцияға салынба, тұра тұр, бұл нәрсені тексеріп ал!" дегендер болды. Мен тексерместен кірістім. Сол кездегі Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты Парламентке шақырдым… Кейін маған түсіндірген кезде істеп жатқан нәрселердің барлығы, қарап отырсақ, шынында да бәрі дәлелденген, айтып отырған айғақтардың барлығына көзімді жеткізді, – деді депутат.

Ол сөзінің арасында сол кезде бұрынғы Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескенін, сондай-ақ, ол өзінің "Шаңырақ ісі" бойынша сотқа шақырылмағанын айтты.