Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атырау облысының әкімдігі "сабақтағы елестердің" видеосына қатысты пікір білдірді

Онлайн сабақтардың бірінде балалар елес болып, флешмоб ұйымдастырған.

Атырау облысының әкімдігі "сабақтағы елестердің" видеосына қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

Атырау облысы әкімдігінің өкілдері "сабақтағы елестер" туралы видеоға пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Видео Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды. Кадрларға қарағанда, онлайн сабақтардың бірінде балалар елес болып, флешмоб ұйымдастырған. Олар ақ киім киіп, қара көзілдірік таққан. Осыған байланысты Атырау облысының білім басқармасы тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде, бұл видеоның біздің өңірге ешқандай қатысы жоқ екені анықталды", - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев.