Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Банктер – қарақшылардан да жаман": Депутат жағдайы қиын азаматтардың қарызын кешіруді ұсынды

"Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді", - деп атап өтті депутат.

"Банктер – қарақшылардан да жаман": Депутат жағдайы қиын азаматтардың қарызын кешіруді ұсынды
фото: inbusiness.kz

"Ақ жол" партиясының Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға несиелік амнистия жариялау туралы ұсыныспен сауал жолдады деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Депутат Азамат Әбілдаевтың айтуынша, қазақстандықтардың банк алдындағы қарыздары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінде халықтың 27 пайызы қарыз болып есептеледі.

Банктер мен МҚҰ несие беріп, халыққа көмектесіп жатқандай көрінеді, бірақ ақшаны қайтарар кезінде түсіністік танытпайды. Олар өз аттарын таза ұстап қалу мақсатында, халықтың соңғы тиынын тартып алу үшін коллекторларды жұмсайды. Бүгінгі күні банктер жанашырлық, мейірімділік сияқты құндылықтардан ада болған және олар қарақшылардан да жаман. Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді, - деп атап өтті депутат.

"Ақ жол" партиясының өкілдері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға рақымшылық жасауды, сондай-ақ коллекторлық компаниялардың қызметін реттеуді ұсынып отыр.

Қылмыс жасап сотталғандарға рақымшылық жасап жатқан мемлекет неге мүгедектікке немесе қиын жағдайға байланысты материалдық қиындықтарға тап болған азаматтарымызды қамқорлыққа алмайды? Олар да біздің қоғамның бір мүшесі болып саналады емес пе. Неліктен бар болғаны 199 млрд теңге бөліп амнистия жасамасқа. Бұл мемлекет үшін көп ақша емес қой, - дейді Азамат Әбілдаев.

Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеме жасап, онда ипотекалық тұрғын үй несиелеріне несиелік амнистия жарияланды деген қауесеттердің барлығын жоққа шығарған еді. 

Біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді және тек ресми және сенімді ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа назар аударуға шақырамыз, - деп атап өтті ведомствода.