Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды

Енді ол 55 560 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды
Фото: Яндекс.Новости

Атырауда 22 жастағы азамат Instagram желісінде жариялаған аудио-видеоматериалдары үшін сотталды. Бұл туралы polisnews.kz хабарлады.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 жастағы тұрғын Instagram желісіндегі парақшасында теолог Ибн әл-Жаузи идеясын насихаттайтын аудио және видеоматериал жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, жарияланған жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Жазба авторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша оған 20 АЕК көлемінде (55 560 теңге) айыппұл салынып, әлеуметтік желідегі парақшасы жабылған.

Жақында Атырауда әкімшілік кодекстің осы бабы бойынша тағы 4 азамат жауапқа тартылған.