Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Екібастұзда адам өлтірген күдікті 22 жылдан кейін Дағыстаннан табылды

1999 жылғы 4 сәуірде Екібастұздағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жасында атыс қаруын қолданып, 36 жастағы азаматты өлтірген.

Екібастұзда адам өлтірген күдікті 22 жылдан кейін Дағыстаннан табылды
фото: ашық дереккөз

Ол 22 жыл бойы Ресей Федерациясында сот төрелігінен жасырынып жүр деп хабарлайды Paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Іздеу шаралары барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Дағыстан Республикасының Каспий қаласында Екібастұзда кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам қамауға алынды.

Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің айтуынша, 1999 жылғы 4 сәуірде Екібастұздағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жасында атыс қаруын қолданып, 36 жастағы азаматты өлтірген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабы 2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу органдарынан жасырынғандықтан іздеу жарияланды. Тергеу барысында 1999 жылы күдікті өзінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыс жасағандығы анықталды: ұрлық, төрт қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру, - дейді Нұрлан Мәсімов.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының күшімен 98 қылмыскердің мекен жайы анықталды.