Ол төрт жасынан бастап сурет салумен айналысқан.
Алматыда Алаш арыстары - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының портретін үш қарындашпен бір мезгілде салатын суретші тұрады. Оның әлеуметтік желіге жүктеген видеосы көпшіліктің зор қызығушылығын тудырды деп хабарлайды Paryz.kz.
Әсел Сабыржанқызының жасы 27-де. Ол төрт жасынан бастап сурет салумен айналысқан. Кәсіби суретші болу үшін ұзақ жолдан өткен екен. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) жанындағы Өнер мектебінде, колледжде, кейін университетте білім алып, биыл Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдаған.
Оның жоғарыда аталған бейнеролигі Tik Tok парақшасында миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Суретшінің өнеріне таңғалған әлеуметтік желі қолданушылары мыңдаған пікір қалдырған.