Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Алтын Орда" базарында ер адамды екі мың теңгеге сатып жіберген

Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты.

"Алтын Орда" базарында ер адамды екі мың теңгеге сатып жіберген
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда тағы бір адам саудасы тіркелді. "Алтын Орда" базарында екі мың теңгеге сатылған 40 жастағы азамат анықталды. "Астана" телеарнасы базарда сатылған азаматтың жақындарымен тілдескен екен деп хабарлайды Paryz.kz.

Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты. "Алтын Орда" базарында 40 жастағы ер адамды әлдекім екі мың теңгеге сатып алған дейді.

Бір көлік келіпті, киімдерін, құжаттарын алуға. Сосын ағам әпкемізге айтыпты, мені жібермеші, алдап-сулап алып келдім мыналарды киімдерімді аламын деп. Сөйтсе, алып келгендер айтыпты, біз бұны екі мың теңгеге сатып алғанбыз деп. Сонда "Алтын Орда" базарда есту-сөйлеу қабілеті кем адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұстап отырған екен, ұрады, тепкілейді, – дейді қарындасы Әсия.

ІІМ криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, басқа қалаға сапар шекпес бұрын құжаттардың көшірмесін туыстарға қалдырып кеткен жөн.

Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер және мекен-жайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз, – деді ол.