Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Жамбылдағы жарылысқа кінәлілер неге әлі айтылған жоқ? – депутат

Министрге сұрақ қойған депутат Мейрамбек Төлепберген жарылыстың нақты себебі мен кімдер кінәлі екені әлі белгісіз екенін айтты.

Жамбылдағы жарылысқа кінәлілер неге әлі айтылған жоқ? – депутат
фото: kazgazeta.kz

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыстан кейін із-түссіз кеткен бір адам әлі табылған жоқ. Ол Қорғаныс министрлігінің қызметкері болатын. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды деп хабарлайды Paryz.kzinbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрге сұрақ қойған депутат Мейрамбек Төлепберген жарылыстың нақты себебі мен кімдер кінәлі екені әлі белгісіз екенін айтты.

Жарылыстан 17 адам  қаза тапқан. Оның 10-ы – менің жеке құрамым (ТЖ министрлігі). Бүгінгі таңда бір адамды – Қорғаныс министрлігінің қызметкерін іздеу жалғасып жатыр, - деді Ильин.

Оның айтуынша, жарылыстан кейін өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, объект басшылығынан жарылыс қаупі бар-жоғын сұраған. Әскери бөлім басшылығы мен Қорғаныс министрлігінің басшылығы тротилден басқа ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеген.

Жамбыл гарнизонының өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері көрші қоймалардың суығанын қамтамасыз етуге кірісті. Бірақ тергеу іс-шаралары барысында анықталғандай, тротил болған қоймада өрт болды, одан жарылыс туындады. Ал бұл іске не себеп болғанын және кім кінәлі екенін тек сот анықтауға құқылы. Ішкі істер министрлігі тергеу іс-шараларын жүргізуде, біздің қызметкерлер жұмыс істеуде, соның ішінде тергеу тобына себептерін анықтауда көмек көрсетуде, - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, оның мәліметтері бойынша, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар да қылмыстық іс аясында тергеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылының жанындағы әскери бөлімде оқ-дәрі қоймаларының бірінде өрт шығып, кейін бірқатар жарылыс болған. 26 тамызда төтенше жағдай салдарынан Жамбыл облысында 17 адам, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметшісі және әскери прокурор қаза тапты.