Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Жаңаөзен оқиғасы - Әбләзовтың жұмысы" - Назарбаев

Назарбаев оқиға орнына тікұшақпен барғанын және дүкендер мен полиция бөлімшерінің сол сәтте қирап жатқанын айтты.

"Жаңаөзен оқиғасы - Әбләзовтың жұмысы" - Назарбаев
фото: "Қазақ үні"

Америкалық режиссер Оливер Стоунның "QAZAQ: Алтын адам тарихы" фильмінің 2-сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Мереке кезінде алаңда тойлап жатқан адамдарға шабуыл жасау – бұл Әбләзовтың жұмысы. Қазір бәрі түсінікті, біз тексердік. Олар ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ ішкізген. Тәуелсіздік күні. Сахнада концерт болып жатты, ол жерде адамдар тұрды. Олар сахнаны қиратты.  Мұнымен тоқтап қалмай, қару табу үшін полиция кеңсесін талқандауға барды, – деді ол.

Назарбаев оқиға орнына тікұшақпен барғанын және дүкендер мен полиция бөлімшерінің сол сәтте қирап жатқанын айтты.

Түнде мен тікұшақпен ұштым. Таңертең осы жердің бәрін қарадым. Дүкендер өртенген, пошталар өртенген, полиция бөлімшелері қирап жатыр. Мен тұрғындарды залға жинауды өтіндім, – деді ол.

Фильмде Назарбаевтың Жаңаөзендегі жиында сөйлеген сөзінің мұрағаттық кадрлары көрсетіледі.

Неге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау кезінде, бүкіл әлем ұлтымызды біліп жатқанда Жаңаөзенде осындай жағдайға тап болдық? Сол күні жазықсыз адамдар қаза тапты. Көңіл айту үшін келдім, – делінген Назарбаевтың мұрағаттағы бейнежазбасында.