Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанның су ресурстарын қалай сақтау керек?

Былтырғы жылдың қаңтарында Үкімет 2030 жылға дейінгі Қазақстанның су ресурстарын басқару бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті.

Қазақстанның су ресурстарын қалай сақтау керек?
Дереккөз: inform.kz

Сарапшылар елдегі су балансын сақтау үшін ауыл шаруашылығын әртараптандырумен, цифрландыруды енгізіп, азаматтарды ысырап болған текше метр суды есептеуді үйрету керек деп есептейді.

Осы орайда, Қазақстанда су ресурстарын басқару мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы әңгімелейтін боламыз.

Былтырғы жылдың қаңтарында Үкімет 2030 жылға дейінгі Қазақстанның су ресурстарын басқару бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша елдің жыл сайынғы жер үсті су ресурстары шамамен               100 текше метрді құрайды, оның 44% астамы оның шегінен тыс жерлерде қалыптасады. Су тұтынудың басым үлесі 67% - ауыл шаруашылығына,                        30% – өнеркәсіпке, ал қалған бөлігі – шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге тиесілі болып табылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2040 жылға қарай елімізде су тұтыну 56%-ға өседі деп күтілуде. Бағдарламаның міндеті – су балансын 100 текше метр деңгейінде сақтау. Мұнда бірнеше жол бар, соның ішінде жаңа су қоймаларын салу, су үнемдеу, жер асты суларын пайдалану тәсілдерін атап өтуге болады. Суармалы жерлерді 3 млн. гектарға дейін ұлғайту, қапталған магистральдық және тарату арналарының ұзындығын ұлғайту үшін жаңа суару жүйелерін салу арқылы қол жеткізуге болады.

Статистикаға сәйкес 2019 жылы өзен ағынының жалпы көлемі 83 текше метрді құрады, бұл орташа көпжылдық көрсеткіштен 20%-ға аз. Бұл ретте су тартудың барлық республикалық көлемінің 97% төрт оңтүстік аумақтағы облысқа тиесілі. Ашық дереккөздерден алынған мәлімет бойынша, өткен жылы Алматы облысында қар жамылғысы 2019 жылмен салыстырғанда 35% аз болған. Нәтижесінде Іле өзенінің ағыны екі-үш есе азайып, ал суармалы жерлердің ауданы, cәйкесінше 2019 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен.

Жамбыл облысында өткен жылы су көлемі орташа көп жылдық деректерден 15-20%-дан төмен болған. Түркістан облысында Сырдария өзенінің ағыны өткен жылы төмен болса, Сырдарияның негізгі ресурсы болып табылатын Тоқтоғұл су қоймасының (Қырғызстан) көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 млрд. текше метрге төмендеген.

Десе де, аталған жайттарға қарамастан, суару үшін судың жетіспеушілігі тіркелген жоқ. Қызылорда облысы республика бойынша су құбыры суының 43% пайдаланды. Министрліктің пікірінше, бұл өңірде су шаруашылығының күрделі жағдайы байқалды, ал күріш егісінің ауданы 90 мың гектарды құрады. Ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес, ол 75 мың гектардан аспауы тиіс.

Су тапшылығына жол бермеу үшін үш өңірде күріш егісін азайту және суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізуді жалғастыру қажет. Министрлік көріп отырған бұл бағыттағы тағы бір қадам – негізгі магистральдық арналарда цифрландыруды енгізу болып отыр. Бұл мақсатта алдағы бес жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарынан 192 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 10 жыл ішінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда, бұл 394 мың гектар жаңа суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында егіншілікті әртараптандыруға шындап кірісіп кетті. Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың пікірінше, мұндай жағдайда күріш (негізгі дақыл) егісінің көлемін белгілі бір деңгейге дейін тұрақтандыру, күріштің өнімділігін арттыру және басқа да дақылдардың көлемін ұлғайту қажет, бұл суды үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Облыс әкімі күріш егісін 80-85 мың гектар деңгейде ұстап, басқа дақылдарды егу керек деп санайды. «Мысалы, егер күріш егудің бір гектарына 33 мың текше метр су кетсе, 10 мың гектар қызанақ егу үшін соншалықты қажет. Бұл ретте бір гектар күріштен 630 мың теңге, ал 10 мың гектар қызанақтан 26 миллион теңге алынады, - деп қорытындылады Гүлшара Әбдіқалықова.

Бұған қоса, Қызылорда облысының әкімдігінде өткен желтоқсан айындағы кеңесте жаңбырлатып суару, тамшылатып суару және аквагельді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге ерекше назар аударылатыны айтылды. Облыстың бірқатар аудандарында тамшылатып суару арқылы қызанақ егу бойынша жобалар басталды. Әртараптандыру кезінде суармалы суды үнемдеудің жаңа технологияларын енгізу, суармалы жерлердің тозуы және оны азайту жолдары мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, елдегі су тапшылығына жол бермеу үшін суды цифрландыру мен есепке алуды енгізу қажет. Бүгінгі таңда суармалы судың шығыны 40%-ды құрайды. Сондықтан, мәселені тек техникалық жаңалықтармен шешу мүмкін емес, суды ұтымды пайдалану мәселесінде фермерлердің өздері де саналы болуы қажет деп есептейді олар.

Министрліктің қорытындысына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды ескере отырып, су тапшылығының алдын алу жөнінде кешенді шаралар қажет. Әңгіме еліміздің оңтүстік өңірлерінде күріш және мақта сияқты ылғал егістік дақылдардың алаңын кезең-кезеңімен төмендету туралы болып отыр. Цифрландыруға келетін болсақ, 2025 жылға қарай суды есепке алу 119 негізгі арнада жұмыс істеуі тиіс. Бұл шамамен 3 мың шақырымды құрайды. Аталған жүйе сынақтан өткізіліп, өткен жылы Түркістан облысында ұзындығы 12 шақырым магистралды каналды цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылғанын атап өткен жөн. Нәтижесінде суармалы судың артық шығынын суару режимінің 45%-на дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

Өз кезегінде, «Қазсушар» РМК суландыру каналдарының жартысын қаптауды, сол арқылы судың техникалық шығынын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс нысандардың төрттен бірінде орындалды. Ал суды бағалау үшін «Қазсушар» РМК бүгінде жұмыс істеп жатқан барлық тұтынушылар үшін тарифті көтеру қажет. Әйтпесе, олар жоспарлаған жоспарлар орындалмай қалуы мүмкін деген қатерлер бар.