Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы тұрғыны Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек (ВИДЕО)

Тіліміз тілімденіп бітті деген Қуат Ахметов Алматы әкімдігіне бірнеше рет барып, бейбіт митингке рұқсат ала алмағанын жеткізді.

Алматы тұрғыны Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек (ВИДЕО)
Фото: oinet.kz

Алматыда "Тіл майданы" атты қозғалыстың жетекшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруді талап етіп, қалада заңды митингке рұқсат ала алмадық деген ол, әкімдік бірнеше рет арызымызды негізсіз кері қайтарды деп отыр, деп хабарлады paryz.kz, "31" арнаға сілтеме жасап.

Аталмыш ұйым осыған дейін де бірнеше қалада митинг өткізген. "Бір тіл – бір мемелекет" атты ұранмен бейбіт митинг ұйымдастырып жүрген ұйым өкілдері осыған дейін, тіпті, Нью-Йорк қаласында да шеру өткіздік деп отыр.

Тіліміз тілімденіп бітті деген Қуат Ахметов Алматы әкімдігіне бірнеше рет барып, бейбіт митингке рұқсат ала алмағанын жеткізді. Айтуынша, тиісті құжатта 12 тармақтан тұратын талапты толық орындаған. Ол Алматы рұқсат беремін дегенше, Нью-Йорк мэрі мақұлдап, ана тіліміздің мәртебесін шетелдегі қандастарымыздың көтеруіне рұқсат бергенін мақтана айтты.

"Алматы қаласының әкімі Сағынтаев мырзаны сотқа берейін деп жатырмыз. Өйткені, ол не себепті рұқсат бермегенін бізге айтқан жоқ. Бұл дегеніміз – Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қазақ тіліне қарсы шыққаны”, – деді Қуат Ахметов.

Тіл тағдырын талқылау елордадағы еріктілерге де бұйырмапты. "Қазақ тіліне қиянат жасама!" деген плакат алып шыққан Байтас есімді азаматты да полиция алып кетіпті.

Ана тілді ардақтау шарасы Павлодардағы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында да өтті. Павлодар әкімдігі рұқсат берген, жиылған жұрт ойын айтып, талабын жеткізді. 

Сондай-ақ, "Тіл майданы" қозғалысы бейбіт митингке рұқсат берсе, мемлекеттік органдардағы ана тілдің қолданысы мен биліктің орыс тіліне басымдық беруін де баса айтқымыз келіп отыр дейді. Белсенділер республика бойынша барлық аймақта бас көтеруді көздеген. Сауатсыз аударылған жарнаманы да, мәні жоғалған мәтіндерді де арнайы комиссияның қолға алуын талап етуде.