Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ел тұрғындарының шын мәнінде қанша жалақы алатыны белгілі болды

75 мың теңгеге дейінгі жалақыны білім беру саласының қызметкерлері алады (49,6%). Ал 450 мыңтеңгеден жоғары еңбекақы тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында төленеді. 

Ел тұрғындарының шын мәнінде қанша жалақы алатыны белгілі болды
Фото: yk-news.kz

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2020 жылғы маусымда қызметкерлердің санына есептелген жалақы мөлшері бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлады paryz.kz.

Аталған зерттеу қорытындысына сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың биылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 713,6 мың адамды құраған. Оның ішінде ерлер – 1 246,6 мың адам немесе 45,9 пайыз, әйелдер – 1 467,0 мың адам немесе 54,1 пайыз.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны: 

45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкерлер, 

45 000 – 105 000 теңге аралығында – 30,8%, 

105 000 – 210 000 теңгеге дейін - 39,2%, 

210 000 – 300 000 теңгеге дейін – 14,2%, 

300 000 – 420 000 теңгеге дейін – 7,2%, 

420 000 – 600 000 теңгеге дейін – 3,6%, 

600 000 – 750 000 теңгеге дейін – 1,2%, 

750 000 – 900 000 теңгеге дейін – 0,6%, 

900 000 теңгеден жоғары – 1,4 пайыз қызметкер алды.

75 мың теңгеге дейінгі жалақыны білім беру саласының қызметкерлері алады (49,6%). Ал 450 мыңтеңгеден жоғары еңбекақы тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында төленеді. 

Орташа білімі бар қызметкерлердің орташа айлығы 133 268 теңгені құрады. Жоғары білімділер – 247 015 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлар 472 654 теңге жалақы алған. 

"Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы - 134 843 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін - 168 508 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін - 200 629 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін - 219 270 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін - 204 527 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін - 190 950 теңгені, 65-тен жоғары 229 407 теңгені құрады», - деді Статистика комитетінен.