Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Атырауда екі жыл бұрын қайтыс болған кісіге зейнетақы төленіп тұрған

Баласы әкесінің өмірден өткенін дәлелдей алмай жүр.

Атырауда екі жыл бұрын қайтыс болған кісіге зейнетақы төленіп тұрған
Фото: kursiv.kz

Атыраулық тұрғын Бауыржан Қосмағамбетов бұдан екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің расымен де өмірде жоқ екенін дәлелдей алмай жүр. Мәселе оның марқұмның мұрагерлерінің бірі ретінде зейнетақы қорындағы қаражатын иеленбек болған кезінде анықталған, деп хабарлады paryz.kz.

Белгілі болғандай, екі жыл бойы көз жұмған әкесінің есепшотына зейнетақы түсіп тұрған. Ұлының қолында әкесінің қайтыс болғанын, жерленгенін дәлелдейтін барлық құжаттар бар. Оның бұл істің соңында жүргеніне де аз болмаған. Атырау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі әкесінің тірі адамдардың қатарында тұрғанын айтқаннан кейін ол прокуратураға дейін шағымданады. Алайда, жауапты мекемелер біріне-бірі сілтей берген соң, журналистердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Тергеу жүріп жатқандықтан, басқа деректер әзірге айтылмайды. Алайда, бұл іске байланысты марқұмның тағы бір баласы күдікті ретінде тартылып отырғаны белгілі болды.