Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ШҚО-да полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде.

ШҚО-да полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонға тосқауыл қойды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 22 қарашасынан бастап облыс аумағында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған “Stop-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың үш фактісі анықталды. Олар бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдар өз кінәларын мойындады, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша екі фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Профилактикалық есепке жеті адам қойылды.

Жедел алдын алу шарасы 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.