Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Forbes тізіміне Назарбаевтың 3 туысы енді

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының байлығы 2,9 миллиард долларға бағаланады. Олар тізімдегі екінші және үшінші орындарды иеленіп тұр.

Forbes тізіміне Назарбаевтың 3 туысы енді
Фото: sn.kz

Forbes журналы құрастырған Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізіміне Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш туысы кірді. Олар - оның қызы Динара Құлыбаева, күйеу баласы Тимур Құлыбаев және жиен немересі Нұрәлі Әлиев, деп хабарлады paryz.kz, EADaily-ге сілтеме жасап.

Құлыбаевтар жұбы тізімнің жоғарғы жағында орналасқан, Kaz Minerals PLC компаниясының ірі акционері Владимир Кимнен кейінгі орында тұр. Тимур мен Динара Құлыбаевтар әртараптандырылған бизнеске ие. Оның ішінде елдегі ең ірі "Халық банк" те бар. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының байлығы 2,9 миллиард долларға бағаланады. Олар тізімдегі екінші және үшінші орындарды иеленіп тұр.

Елбасының жиен немересі, 35 жастағы Нұрәлі Әлиев рейтинг бойынша 19-орынға табан тіреді. Оның байлығы 269 миллион долларға бағаланды. Әлиев "Capital Holding" инвестициялық ЖШС-ін иеленеді, "Транстелеком" АҚ акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ, ол Darmen Holding және nd Capital венчурлық қорының акционері болып табылады.

Нұрәлі Әлиев - экс-президенттің тұңғыш қызы Дариға Назарбаеваның және Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі марқұм Рахат Әлиевтің ұлы. Осы жылы Нұрәлі Әлиев қасіретті трагедияны бастан өткерді, оның інісі Айсұлтан Рахат қайтыс болды.