Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырау облысы әкімі орынбасарының ісі сотқа жолданды

Өңір әкімінің орынбасарынан бөлек, "Бұйырғын" кооперативінің 55 жастағы директоры Нұрлан Бисембиевтің үстінен де іс қозғалған. 

Атырау облысы әкімі орынбасарының ісі сотқа жолданды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты №2 қалалық сотына қылмыстық іс түсті. Ол 80 млн теңгеден астам бюджет қаржысын ысырап етті деп айыпталуда деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Өңір әкімінің орынбасарынан бөлек, "Бұйырғын" кооперативінің 55 жастағы директоры Нұрлан Бисембиевтің үстінен де іс қозғалған. Олар Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша (Бөтеннің аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) айыпталуда. Қылмыстық іс 14 томнан тұрады. Атырау облысының прокуратурасы істі сотқа электрондық форматта берген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғанын жазған едік.

Қайрат Нұрлыбаев облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға ол 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған), яғни 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидия келісімшартын жасаған және инвестициялық субсидияны төлеген. Бүгінгі күнге дейін "Бұйырғын" кооперативі 83,7 млн теңге көлеміндегі борышты толықтай орнына келтірді, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.