Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда келесі жылы да құрғақшылық қайталанатынын айтты

Әкім бұнымен қоса биыл ресми дерек бойынша қанша мал қырылғанын айтты. 

Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда келесі жылы да құрғақшылық қайталанатынын айтты
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстағы қуаңшылық жайын айтып, келесі жылы да қуаңшылық қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz

Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар. Келесі жылы жаңбыр жауады деп ешкім де айта алмайды. Бұл жағдай екі-үш жылдан бері жалғасып келеді. Болжам бойынша, қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін, —дейді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ әкім Маңғыстаудағы шаруалардың кейбірі Үкіметтен берілетін бір реттік көмекті толықтай алмағандарын, оған бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңге қаражаттың әлі де 700 миллион теңгесі игерілмеген мойындады. 

Бұл қаражат тіркелген малға беріледі. Тіркелуге мүмкіншілік жасап, “Жасыл дәліз 2” деген бағдарламаны аштық. Осы жоба бойынша малдарын тіркейтін болса қалған игерілмеген 700 миллион теңгені біз үлестіруге дайынбыз. Себебі бұл қаражаттың сұрауы бар. Қанша малға қанша қаражаттың бөлінгені туралы біз де есеп береміз, – дейді Ноғаев. 

Әкім бұнымен қоса биыл ресми дерек бойынша қанша мал қырылғанын айтты. 

Бізде бар мәлімет бойынша 1209 мал өлген. Оның 950-і Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі базаға тіркелмеген. Енді малды тіркеуге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Малды вакцина салғызу үшін, басқа да ветеринарлық көмектер алу үшін тіркеу керек, — дейді әкім.

Ол Маңғыстау облысында шөптің шығуы басқа облыстармен салыстырғанда қиын екенін айтты.

Басқа облыстарда бір шаршы метрге 1000 түп шөп шығатын болса, Маңғыстауда 80 түптен аспайды. Биыл қуаншылыққа байланысты көп шөп шабылды. Көп жерлерге зиян келтірілді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, — деді Нұрлан Ноғаев.