Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақтөбе облысында үй құстары жаппай қырылып жатыр

Ауыл тұрғындары тауықтың ауырған кезде орнынан тұрмай, ас-суға бет бұрмай, жиі түшкіретінін айтады.

Ақтөбе облысында үй құстары жаппай қырылып жатыр
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Петропавловка ауылының тұрғындары бұл құс тұмауының жаңа ошағы деп қауіптеніп отыр деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындарының бірінің 74 тауығы, көршісінің 35 тауығы қырылып қалған. Тағы бір көршісінде бір апта ішінде Ломан Браун тұқымды 200 тауық өлген.

Белгісіз індет салдарынан Петропавловка ауылының көптеген шаруа қожалықтарында тауықтар қырылған. Мұндай жағдай ешқашан болған емес. Биыл ғана жаздың соңы мен күздің басында басталды, – дейді Петропавловка ауылының тұрғыны Сергей Попов.

Ауыл тұрғындары тауықтың ауырған кезде орнынан тұрмай, ас-суға бет бұрмай, жиі түшкіретінін айтады. Тауықтар тез және жаппай қырылып қалған.

Жергілікті билік мамандарды сараптамадан өткізуге жіберіп қойған. Қазіргі уақытта олар сынақ нәтижесін күтіп жүр.

Халық мүлдем сауатсыз. Тауық ауруы туралы ветеринарға хабарланбайды. Осыған байланысты ветеринар соңғы сәтте ғана жағдайды жазып алады. Іс жүзінде бұл ауру Ньюкасл ауруына ұқсас, – дейді Қарғалы ауданы ветеринарлық стансасының директоры Серік Ақниязов.

Ньюкасл ауруы адамдар үшін қауіпті емес екені айтылды.