Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Семей тұрғыны 320 адамның атынан шағын несие алған

Жәбірленушілер несие мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама келгенге дейін өз атына несие алынғанын білмеген.

Семей тұрғыны 320 адамның атынан шағын несие алған
фото: ашық дереккөз

Семей тұрғыны қазақстандықтардың жеке куәлігі жоғалғаны туралы әлеуметтік желідегі хабарламаларды тауып, 10 миллион теңге несие рәсімдеген деп хабарлайды Paryz.kz.

ІІМ мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде құжаты жоғалғаны туралы хабарландыруларды тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш берген. Күдіктіні Атырау облыстық Полиция департаменті қызметкерлері құрықтаған.

Жәбірленушілер несие мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама келгенге дейін өз атына несие алынғанын білмеген. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден аса шығынға ұшыраған 320 адам анықталды, - деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.