Полиция қызметкерлері 8 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 44 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашқан.
Бір апта ішінде елде 3004 қылмыс жасалса, оның 2055-і тәулік ішінде ашылған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингтен белгілі болғандай, полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 8 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 44 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашқан.
Сонымен қатар баспасөз қызметінің өкілі "Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі" байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өткізілгенін жеткізді.
Байқау нәтижесінде өз санаты бойнша мына қызметкерлер үздік шықты: Ақмола облыстық ПД аға тергеушісі Арман Қожахметов, Қызылорда облыстық ПД Жаңақорған бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Әбжалов және Жамбыл облыстық ПД криминалисі Ержан Өтебаев, - деді Шұғыла Тұрлыбек.