Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Сотталғандар түрмеде отырып-ақ фаст-фудқа тапсырыс бере алады

"Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге асып келеді. Енді Ақмола облысында іске қосып жатырмыз..." - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Сотталғандар түрмеде отырып-ақ фаст-фудқа тапсырыс бере алады
фото: azattyq-ruhy.kz

Қазір Қылмыстық атқару жүйесі комитеті осындай жаңалық енгізіп жатыр. Сотталғандар электронды дүкендер қызметі арқылы тапсырыс бере алатын болды, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мұндай мамандандырылған электрондық дүкендер қылмыстық атқару жүйесінде былтыр шілде айында пайда болған. Жазасын өтеушілердің азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті тауарларды сырттан алдыруға мүмкіндігі бар. Онда 400-ден астам тауар атауы ұсынылған. Олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларына сатуға қауіпсіз деп танылған әрі тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар.

Мейрамханалардан ыстық тағам, донер мен бургердің түр-түрі, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пиццаға дейін тапсырыс алдырса болады. Ал тапсырысты электронды дүкен арқылы сотталғандардың өзі, не туысы бере алады.

"Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге асып келеді. Енді Ақмола облысында іске қосып жатырмыз. Болашақта бұл тәжірибені еліміздің барлық колониясына енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты әрі сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне аса қажет", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.