Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматы облысының тұрғыны полицейлерді ұрлық жасады деп айыптады

Қолға түскен азаматтың туыстары полицейлерді ақшамен қоса су жаңа ұялы телефонды қоса қолды қылды деп отыр.

Алматы облысының тұрғыны полицейлерді ұрлық жасады деп айыптады
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы бұзақылық жасады деп айыпталған күдіктінің туыстары полиция қызметкерлерін аса ірі көлемде ақша жымқырды деп айыптады. Есік қаласының тұрғыны бір ай бұрын қолға түскен. Ер адам көлікті сатуға қойған. Алайда ол әділ келісім жасаудың орнына, сатып алушының 10 миллион теңгесін тартып алған деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Міне, тек осы заттай дәлелдер жоғалып кетті, - дейді күдіктінің туыстары.

Күдіктінің туыстары бұған полицияны кінәлап, оларды жазалауды сұрайды. 

Қылмыстық оқиға осыдан бір ай бұрын Есік қаласында болған. Жергілікті тұрғын көлігін сатуға қояды. Ал көлік өзінікі емес, жалға алынған болып шығады. Көлікті алуға келген сатып алушыны ер жігіт бірнеше рет пышақпен жарақаттап,10 миллион теңгесін тартып алады. Күдіктіні бірден қолға түсірген. Бірақ полиция қызметкерлері бұл соманың тек жарты миллион теңгесін ғана іс материалдарына қосады.

Қалған ақшалар із-түссіз жоғалып кеткен. Ұлымды қолға түсірген жедел әрекет ету қызметкерлері ғана баламның қайда екенін білген. Ал бөлменің картасы мен кілттерін тұтқындау кезінде алып кеткен. Мен өз баламды ақтамаймын. Мен тек қолды болған ақшалар табылсын деймін. Себебі мен оны жәбірленушіге қайтарып беруге тиістімін ғой", - дейді анасы Жанар Мұқышева.

Туыстары дәлел ретінде қонақ үйдегі бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларды көрсетеді. Жазбадан азаматтық киім киген ер адамның бөлмеге кіріп кеткенін көруге болады. Тек осыдан кейін ғана күдіктімен бірге тәртіп сақшылары келеді. Алайда соманың толық мөлшері бөлмеде болмай шықты.

Есікті смарт-карта арқылы ашып, ішке емін-еркін кіріп, 15 минуттан кейін қайта шығады. Яғни, бұл фактілердің барлығы ақшаны үшінші адамның қолды қылғанын аңғартады. Қонақ үй әкімшілігі бір ғана смарт-картаның болатынын айтады. Осы жағдайлар бізге ақшаны ұрлауға полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деуге негіз береді, - дейді күдіктінің заңгері Рүстем Гаитов.

Қолға түскен азаматтың туыстары полицейлерді ақшамен қоса су жаңа ұялы телефонды қоса қолды қылды деп отыр. Полиция бұл пікірге тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп жауап берді.

Айтылған шағымдар мен фактілер бойынша ПД-ның Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Алматы облыстық Полиция департаменті.

Тонау және ірі көлемдегі ақшаны ұрлағаны үшін 21 жастағы алматылық он бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктінің отбасы ұрланған ақша табылады деп үміттенеді. Бұл жазаны біршама жеңілдетуге әсер етеді. Туыстары тәртіп сақшыларын жауапқа тарту үшін Бас прокуратураға шағымдануға ниет білдіріп отыр.