Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Тегін таратылып жатқан маскалар есірткіге малынған ба?

Министрлік өкілі жауап берді.

Тегін таратылып жатқан маскалар есірткіге малынған ба?
Фото: qaa.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн-брифинг барысында әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.

Осыған дейін желіде өздерін әлеуметтік қызметкер деп таныстырып, маска таратып, үй иесін ұйықтатып кететін адамдар туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Ел аумағында мұндай жағдай тіркелмеген.

"Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратылған. Ақпарат бойынша "әлеуметтік қызметкерлер есірткіге малынған маскалар таратқан. Артынша адамдарды ұйқтатып тастап, ұрлық жасаған". Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы айтқым келеді. Бұл - фейк ақпарат", – деді Нұрділдә Ораз.