Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Елімізде мұғалімдер даярлайтын 36 университет лицензиясынан айырылды

Сондай-ақ министр білім сапасын қамтамасыз ету үшін қандай мемлекеттік бақылау шаралары қабылданғанын айтты.

Елімізде мұғалімдер даярлайтын 36 университет лицензиясынан айырылды
фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі мұғалім даярлайтын 86 университеттің 36-сы лицензиясынан айырылғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Үлкен оқу жүктемесі мен қағазбасылық педагогтердің сабаққа толыққанды дайындалуына қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35% қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім берумен, ғылыммен айналысуға мүмкіндік берері сөзсіз, - деді БҒМ басшысы.

Сондай-ақ министр білім сапасын қамтамасыз ету үшін қандай мемлекеттік бақылау шаралары қабылданғанын айтты.

Министрлік сапасыз білім беретін университеттерде тексеріс жүргізіп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 500-ден астам сот процесіне қатысып, 15 университетті толығымен жапты. Тағы 4 университетті жабу бойынша соттың шешімі қабылданды. Бірақ қазір апелляция жүруде. Бұған қоса, тағы 61 университеттің 400 сапасыз білім берген бағыттары бойынша лицензиялары қайтып алынды. Студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды, - деді еліміздің бас ұстазы. 

Министр тексеріс процедурасы жетілдірілгенін, оған студенттерді тестілеу мен жұмыс берушілерден сауалнама жүргізу сияқты сапалы көрсеткіштер енгізілгенін жеткізді.

Мысалы, мұғалімдерді мұның алдында 86 университет дайындаса және сапасы бойынша көп сұрақтар туындаса, енді педагогтерді тек 50 оқу орыны ғана дайындайды. Яғни, тек осы бағыт бойынша ғана 36 университеттің лицензиясы қайтарып алынды. Әрі қарай осы жұмысты жалғастырамыз, - деді Асхат Аймағамбетов.