Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Ербол, көрсетем мен саған!" - Алмасбек Садырбаев Ауыл шаруашылығы министріне шүйлікті

Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы, "Шопан ата" қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында билік Батыс өңірлерде мал қырылып, жұт болып жатқанын мойындамай отырғанын айтты. Оның сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жағдайды білу үшін өңірлерді дұрыс араламайды, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Ербол, көрсетем мен саған!" - Алмасбек Садырбаев Ауыл шаруашылығы министріне шүйлікті

Ербол Қарашүкеев Маңғыстауға барып, Үкімет тарапынан қаражат бөлгізіп берді де, өзі қашып кетті. Айналайын, сен Ауыл шаруашылығы министрісің, сен ол жерден кетпеуің керек. Кеше ел шулап жатқанда, ол Америкада жүрді. Ол АҚШ-та емес, Маңғыстауда жүруі керек. Сонда жетілеп жатып, ахуалдың бәрін көруі керек. Тек дайындаған жерге барып, сол жерден қайтады. Қайда барса да сол. Жамбыл облысына да менен кейін барып, бір-екі бай шаруаға жолығып қайтты, - деді ол. 

"Блатной қойшы" атанып кеткен Садырбаев министрге үндеу жасап, Батыстағы шаруаның қиын халімен бірге танысуға шақырды. 

"Ербол, жігітсің бе, мен саған көрсетейін. Әкіммен бірге барма, менімен бар. Әкім дайындаған жерге барасың сен. Сен деген білдей бір елдің министрісің. Ауылдан шыққан азаматсың, жүрші, мен саған көрсетейін. Бірінші барғаныңда жаныңда тұрып бердім ғой мен сенің. Ал сен енді менің жанымда тұрып бер. Содан кейін шешімді қабылда. Президентке жағдайды жеткізетін сен, мен емес", - деп айтты А.Садырбаев.