Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Күйеуіңіздің қойнына жатыңыз...": Құралай ханым әйелдерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Психологтың айтуынша, ерлі-зайыпты арасындағы құшақтасудың, бір-бірімен қол ұстасудың энергиясы өте көп.

"Күйеуіңіздің қойнына жатыңыз...": Құралай ханым әйелдерге үндеу жасады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Психолог Құралай ханым ерлі-зайыптылар арасындағы энергетика құшақтасу арқылы көбейетінін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Психологтың айтуынша, ерлі-зайыпты арасындағы құшақтасудың, бір-бірімен қол ұстасудың энергиясы өте көп. Себебі ерлі-зайыпты бір-бірімен құшақтасу арқылы емделеді. Күйеуіңіздің қасына жақындау арқылы Алла тағала екеуіңізді энергия жіппен орайды.

Кішкентай қызым папасы екеуіміз ұрысып қалып, теріс қарап ұйықтап қалсақ күлетін : "Сіздер Х болып ұйықтап жатырсыздар ғой. Неге Х әрпі болып ұйықтап жатырсыздар" деп. Х әрпі сияқты ұйықтасаңыздар, ортаға шайтан жатып алады екен", - деп маман өз отбасында болған жағдайымен ВИДЕО арқылы бөлісті. 

Орыстың сөзі бар ғой "ругайтесь, деритесь, но вместе ложитесь" деген. Сондықтан кешке қарай жатқан кезде ортада шайтан жатып қалмасын. Ол деген араңызға бүкіл қарызды, негативті, ауруды, ақша берекесін алып кетеді.  Шайтанның ісі отбасының экономикасына тиімсіз. Қалтаңызға жаман әсер ету мүмкін. Ауруды, денсаулықты қойып қойғанда, ең бірінші сіздің қалтаңыздың күйреуіне айналады. Күйеуіңіздің қойнында жатыңыздар.  Күйеудің қойынында бақыт, махаббат бар. Күйеуіңізді көргіңіз келмесеңіз де, тәкаппарлықты қойып, түнде жаурап, ұйқы сұрағандай күйеуіңізді құшақтаңыз. Сіздер құшақтасқан кезде Алла әдемі энергетикалық жібімен сіздерді орап, періштелер қол шапалақтайды, - дейді Құралай ханым.