Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жамбыл облысында Қырғызстанға жерасты құбыры арқылы жанармай жіберіп отырған

Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр. 

Жамбыл облысында Қырғызстанға жерасты құбыры арқылы жанармай жіберіп отырған
фото: 24.kz

Жамбыл облысында Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдаушылардың қулығы әшкереленді. Айлакерлер көрші елге бензинді жерасты құбыры арқылы жеткізіп отырған деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Меркі ауданындағы шекаралас ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын телефонға видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жуықтайды. Оның басы Қазақстаннан басталып, соңы Қырғызстаннан аяқталады. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені белгісіз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр.

Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр.