Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Көкшетауда жолақы көтерілуі мүмкін

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні халық автобус жолақысына төлеп жүрген 80 теңге олардың шығынын мүлде өтей алмайды.

Көкшетауда жолақы көтерілуі мүмкін
фото: ашық дереккөз

Егер бұлай етпесе шаһардағы автобус парктері банкротқа ұшырауы ғажап емес екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Бауыржан Ғайса мәлім етті деп хабарлайды Paryz.kzAikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні халық автобус жолақысына төлеп жүрген 80 теңге олардың шығынын мүлде өтей алмайды.

Қазіргі жол жүру ақысы әділ емес. 80 теңге қаражат олардың шығынын жаба алмайды. Біз автобус парктерін қосымша қаржыландырып та көрдік. Бірақ біздің берген субсидиямыз оларға келтірілген шығынның тек теңізге құйған тамшыдай ғана болады. Сондықтан мәселе автобус қозғалысының түбегейлі тоқтауына әкелуі мүмкін, – дейді қала әкімі Бауыржан Ғайса.

Қала басшысының сөзінше, бүгінде әкімдік тасымалдаушыларды автобус қозғалысын тоқтатпауды өтініп келеді.

Мен тасымалдаушылардан маршруттар санын қысқартса да автобус қатынасын тоқтатпауды сұрап келемін. Бізде жол ақысын көбейтудің күтіп тұрғанын ашық айтамын. Егер кәсіпорындар банкротқа ұшырамай жұмыс істеуін қаласақ, бағаны көтеруге мәжбүрміз. Бурабай ауданында жолақысы 110 теңгеге осыдан біраз уақыт бұрын-ақ көтерілгенін білесіздер, – дейді қала әкімі.