Қызының айтуынша, әкесі соңғы рет 2 қараша күні байланысқа шыққан.
Атырауда 44 жастағы Бауыржан Талпақов 9 күннен бері іздестірілуде. Соңғы рет 2 қараша күні байланысқа шыққан азаматтың қайда екенін ешкім білмейді деп хабарлайды Paryz.kz, "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Атырау Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қараша күні 32 жастағы әйел күйеуінің жоғалғаны жайлы шағым түсірген. Айтуынша, Бауыржан Талпақов 31 қазан күні үйден шығып, содан оралмаған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, іздестіру шаралары жүргізілуде. Қызының айтуынша, әкесі соңғы рет 2 қараша күні байланысқа шыққан.
Денсаулығында айтарлықтай ақауы жоқ. Есін жоғалтпаған. Көк бейсболка, қызғылт-көк түсті күртеше, көк джинсы, қоңыр баулы мокасины киген. Бойы 175-180 сантиметр, - деп атап өтті ол.
Бауыржанды көрген-білген жандар болса, туыстары мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: Индира (жұбайы): +7 778 004 31 36, Әсел (әпкесі) : +7 701 082 81 18, Малика (қызы): +7 701 877 00 96.