Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Бұлшықеті жоқ": Арон Атабек әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Бұлшықеті жоқ. Қаншама белок құйып жатыр. Сіңбейді. Салмақ қоспай жатыр.

"Бұлшықеті жоқ": Арон Атабек әлі жансақтау бөлімінде жатыр
фото: дереккөз

25 күннен бері ауруханада жатқан диссидент ақын Арон Атабек әлі жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы оның қарындасы Рәзия Нұтышева "Азаттық радиосына" айтқан.

Жағдайы бір қалыпты. Әлі реанимацияда жатыр. Әлі комада. Кішкене оянады, бірақ жағдайы жақсармай жатыр. Дәрігерлер жағдайы бірқалыпты ауыр деді. Оны жақында невропатолог, нейрохирург қараған. Бұлшықеті жоқ. Қаншама белок құйып жатыр. Сіңбейді. Салмақ қоспай жатыр. Әлі трубка арқылы тамақ ішеді. Тамыр арқылы құйылады. Әбден өлейін деп қалған кезде босатып отыр ғой. Коронавирусы азайған дейді, бірақ өкпесін түсіру үшін басқа жаққа ауыстыру керек екен, себебі клиникада ондай құрылғы жоқ. Жасанды тыныс аппаратымен демалып жатыр. Оны алып тастаса, бірден тынысы тарыла бастайды. Қан қысымы төмендеп кетеді, – деді ол.