Туынды кинопремияның лонг-лист тізіміне еніп үлгерді.
Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Қазақфильм" киностудиясының қатысуымен түсірілген "Сары мысық" фильмі "Оскарға" ұсынылды деп хабарлайды Paryz.kz.
"Сары мысық" кинокартинасы "Шет тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша сыйлыққа ұсынылып отыр. Туынды кинопремияның лонг-лист тізіміне еніп үлгерді.
Фильмде басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдаған.
Атап өтетін жайт, кинокартина бұған дейін де бірнеше халықаралық дәрежедегі кинофестивальға қатысып, сыйлыққа ие болған. Биыл қыркүйек айында Италияның Верона қаласында өткен кинофестивальда "Үздік фильм" деп танылған. Дәл осы аталыммен жуырда Бельгияның Бюгге қаласында өткен фестивальда да марапатталған.
Сондай-ақ Швеция астанасы Стокгольмде өткен Hope International Film Festival-да Әділхан Ержанов "Үздік режиссер" атанды.