Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Шымкент тұрғындары жарықтың жиі сөнетініне шағымданды

Бұл тек шағын аудандағы жағдай емес. Қала орталығындағы тұрғындар да осылай күн кешіп отыр.

Шымкент тұрғындары жарықтың жиі сөнетініне шағымданды
фото: ашық дереккөз

Шымкент тұрғындары жарықтың жануын сағаттап күтуден әбден жалыққан деп хабарлайды Paryz.kzVera.kz-ке сілтеме жасап. 

Забадам шағын ауданының тұрғыны Құдайберген Жанұзақов жарық сөнген кезде отбасы қалай күнелтетінін айтып берді.

Оның айтуынша, электр энергиясы сөнгенде барлығы бір бөлмеге жиналады. Өйткені жарықсыз жылу да ажырап, өзге бөлмелер суып кетеді.

Мұның барлығы қалада жарық та, су да, жылу да болмаған 90-жылғы тоқырауды еске түсіреді дейді ол. Алайда ол кезде Шымкент те мегаполис емес еді.

Осылай шаммен өмір сүріп отырмыз. Оны үстелдің ортасына қойып асымызды ішеміз. Түнде жарық қосылғанда оны қуаттандырып қоямыз. Жалпы жарық жанғанда барлығын қуаттандырғышқа қосамыз. Бірінші бөлме жылы, қалғандары суық. Немерелерім, балалар ауырып қалды, - дейді Құдайберген Жанұзақов.

Бұл тек шағын аудандағы жағдай емес. Қала орталығындағы тұрғындар да осылай күн кешіп отыр.

Желілік сөндірулер мәжбүрлі шара дейді энергетиктер. Бұл магистральдік желідегі шамадан тыс жүктемені азайту мен апаттың алдын алу үшін жасалып отыр.

Шектеулер 1 қарашадан бері кешкі уақытта енгізілді. Бұл елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі қуаттың генераторлық тапшылығынан туындады. Жамбыл ГРЭС-інде тек бүгін ғана үшінші энергоблок іске қосыла бастады. Бұл шамамен 180 мегаватты қамтуға мүмкіндік береді. Ертеңнен бастап бізде энергия тапшылығы жойылуға тиіс, - деді "Оңтүстік жарық-транзит" ЖШС басшысы Мұрат Ибрагимов.

Жай кезде Шымкент 315 мегаватт энергия тұтынады. Жылыту мауысымында 375 мегаватт энергия қажет. 40-121 МВт энергияны қала жылу энергетикалық орталығынан, 50 МВт энергия Шардара ГЭС-інен, 40 МВт – Жамбыл ГРЭС-і мен 221 МВт – Екібастұз ГРЭС-інен алынады.

Биыл энергия жеткізу кестеге сай жүргізілмеді. Шардара қоймасындағы судың тапшылығынан жергілікті ГЭС 50 МВт энергияның тек 8 МВт-ын,  Екібастұз ГРЭС-і 221 МВт энергияның жартысын ғана беріп отыр.