Тараз әкімдігінде видеоға қатысты пікір білдірді.
Ақтауда пластикалық гүлдерден жасалған инсталляция орнатылған болатын. Жақында әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы қызғалдақтардың видеосы тарады. Автор гүлдердің дәл Ақтаудағыдай және жағдайы нашар екенін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, "Лада" порталына сілтеме жасап.
Бәріміз білетіндей Ақтауда пластикалық гүлдерді жақсы көретін әкім бар. Ол жалғыз емес екен. Тараздың әкімі де пластикалық қызғалдақтар "егіпті". Әлі құламаған, бірақ кейбірінің басы жоқ, сұмдық жағдайда. Мінекей, біздің Қазақстан, - деді видео авторы.
Оқи отырыңыз: Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер "егіп" қойыпты
Тараз әкімдігінде видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, инсталляцияны жарнамалық мақсатта демеушілер қаржысына орнатқан.
Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда 15 миллион теңгеге салынған пластикалық қызғалдақтар сынып жатыр (ФОТО)
Гүлдер қыркүйек айында кәсіпкерлердің демеушілік қаржысына жарнамалық мақсатта орнатылды. Ақтаудағы безендіру кешірек пайда болды. Әзірге гүлдерді бұзу дерегі тіркелмеді. Жауапты ұйым мамандары күнделікті тексеріп отырады, - деп түсіндірді қала әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова.