Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

ШҚО-дан тоғыз айда қанша адам көшіп кетті?

Облыстың басқа қалалары мен аудандарында да тұрғындар саны азайған. 

ШҚО-дан тоғыз айда қанша адам көшіп кетті?
фото: ашық дереккөз

Осы жылдың тоғыз айында 8,9 мыңға жуық адам ШҚО-нан кетіп қалды. Облыстағы табиғи өсімге қарамастан, облыс халқының саны азайып отыр. Биыл қаңтар айымен салыстырғанда, 1 қазанда халықтың табиғи өсімі 4051 адамға тең келген. Дегенмен 8907 адам облыстан көшіп кеткен деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Халық саны Өскемен мен Семейде ғана кемімеген. Облыстың басқа қалалары мен аудандарында да тұрғындар саны азайған. Өскеменде жыл басымен салыстырғанда 2059 адамға артты, оның ішінде көші-қон есебінен - 1178 адамға, ал табиғи өсім есебінен - 980 адамға өскен. Семейде 400 тұрғынға шаққанда халықтың табиғи өсімі 1664 адамға артты. Семейден бірақ 1267 адам көшіп кеткен.

Өнеркәсіпті Риддер халқының саны 583 адамға азайды, 1 қазанда 55310 адамды құрады, Курчатов қаласының тұрғындары 91 адамға азайды және оның халқы 12322 адамды құрады. Жалпы, 9 айда Шығыс Қазақстанның қала халқы 1281 адамға көбейді, ал ауыл 6137 адамға азайды. Соңғы мәлімет бойынша, облыс қалаларында 852753 адам, ал ауылда 506188 адам тұрады