Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын!": Алматыда несиесін төлей алмаған әйел шырылдап отыр

Қаржы ұйымының мамандары ол кісінің құжатын тездетіп қабылдауға уәде берді.

"Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын!": Алматыда несиесін төлей алмаған әйел шырылдап отыр
фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша мемлекеттік бағдарламамен қайта қаржыландыру үшін банк менеджерлері құжатты қабылдау уақытын созып жіберген. Әйел қарызын қайтармаса, банк сот арқылы жалғыз үйін тартып алады деп қорқады деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Венера Мырзажанова 2015 жылдан бері несиесін төлей алмай келеді екен. Ол 3 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.  2006 жылдары 26 миллион теңге несие алған. Алғашында несиесін уақытылы өтеп отырған ол кейіннен анасы қайтыс болып, өзі ажырасыпты. Жалғыз өзіне кредит төлеу қиын болып, несиесін қайта қаржыландырғысы келеді. Алайда кепілдікке қоятын үйі қайтыс болған анасының атында болғандықтан, біраз уақыт қажет болған. Қайта қаржыландыруға өтінім тек бірінші желтоқсанға дейін ғана қабылданады. 

Біз банкрот болдық. Дүкеніміз бар еді. Ол жабылды. Менеджер қайта қаржыландыруға өтінім қабылдағаннан кейін кем дегенде екі аптада жауабы шығатынын айтты. Ал мен бірінші желтоқсанға дейін өтінім беріп үлгермесем, баспанамнан айырылып, балаларыммен далада қалатын түрім бар. Мен үйімнен айырылғым келмейді. Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын! – деді Алматы облысының тұрғыны Венера Мырзажанова.

Қаржы ұйымының мамандары ол кісінің құжатын тездетіп қабылдауға уәде берді.