Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Пандемия кезінде Қазақстанда кедейлер санының артқаны анықталды

Дүниежүзілік банктің пессимистік болжамы бойынша, алдағы айлар ішінде Орталық Азияда күніне бір адамға 3,2 доллар болатын кедейлік шегін ескерер болсақ, кедейлер санатына 1,6 миллионнан астам адам өтуі мүмкін.

Пандемия кезінде Қазақстанда кедейлер санының артқаны анықталды
фото: newsroom.kz

Пандемия кезінде Қазақстанда бос жұмыс орнының саны 45%-ға қысқарды, деп мәлімдеді Орталық Азиядағы Дүниежүзілік банктің аға экономисті Уильям Зейтц. Бұл туралы бүгін ҚазТАГ хабарлады.

"Қазақстанда rabotanur.kz сайтында жарияланған бос жұмыс орындары жыл басымен салыстырғанда 45%-ға төмендеген. Бұл ретте қызмет көрсетулер, сауда және туризммен байланысты салалар қатты зардап шеккен", - деді Зейтц, "Орталық Азиядағы кедейліктің алдын алу" онлайн-брифингінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Орталық Азияның басқа елдерінде бос жұмыс орындарының қысқаруы айтарлықтай болып отыр. Ғаламторда жарияланған бос жұмыс орындары туралы хабарландырулардың саны қай салалардың төмендеп, қай салалардың жылдам қалпына келтіріліп жатқанын көрсетті. Пандемия кезінде бос жұмыс орны туралы ғаламтордағы хабарландыру саны күрт қысқарды, ал дағдарыстың ықпалының орнын толтыру үшін ол 2020 жылдың басына қарағанда біраз көбірек болуы керек.

2020 жылдың басында Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы кедейлер санының болжамын нақтылады. Әдетте табысы орташадан төмен елдер үшін қолданылатын бір адамға күніне 3,2 доллар деп есептелетін кедейлік шегін ескерер болсақ, жыл басында кедейлер санатында шамамен 4,5 млн адам болған. Егер күніне 5,5 доллар деп барынша жоғары болжамдық мәнді алар болсақ, бұл мәнді Дүниежүзілік банк әдетте кірісі орташадан жоғары елдер үшін қолданады, онда шамамен 19,5 млн адам кедейлікте өмір сүрген.

Бұрын Орталық Азия елдері кедейлікті қысқарту бойынша көш бастап тұрған.

"Алайда, 2009-2011 жылдар аралығында қарқын күрт төмендеп кеткен. Әсіресе, Қырғызстанда мүлде төмендеген", - деп атап өтті Зейтц.

Енді орта класқа өту тек кейбір, барынша жағдайы жақсы өңір қалаларында байқалады. Бұл ретте COVID-19-дың өршуі халықтың кірісіне де әжептәуір әсер етті. Дүниежүзілік банктің пессимистік болжамы бойынша, алдағы айлар ішінде Орталық Азияда күніне бір адамға 3,2 доллар болатын кедейлік шегін ескерер болсақ, кедейлер санатына 1,6 миллионнан астам адам өтуі мүмкін. Ал күніне 5,5 доллар деп есептейтін бослақ, 2,7 млн адам болады.