Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар тұрғыны жалған шот-фактура жазамын деп сотталып кетті (ВИДЕО)

Осылайша, мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Павлодар тұрғыны жалған шот-фактура жазамын деп сотталып кетті (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны О.Щипилоға қатысты қылмыстық істі аяқтады деп хабарлайды Paryz.kz.

О.Щипило бұрын сотталған А.Колесниковпен алдын ала сөз байласу арқылы үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсеткен.

Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы "Призма Плюс" "Конэктгрупп" және "Солмир" ЖШС 3 жалған фирмасын қатыстырған.

Осылайша, мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Қылмыс жасаушы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.