Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Түркістан облысында судья 9 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

Сот үкімі 14 қазанда шығарылған.

Түркістан облысында судья 9 мың теңге пара алғаны үшін сотталды
Фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz

Түркістан облысында 9 мың теңге көлемінде пара алған судья сотталды, деп хабарлады paryz.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сот үкімі 14 қазанда шығарылған.

"Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша қаулы шығармағаны үшін Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан 9 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.